«Плюс» Еуропалық әлеуметтік
жобасы »FAV басталуы: Тюрингияда оқыту және жұмысқа орналастыру«
Еуропалық әлеуметтік қор плюс (2021-2027 жж.)
«ESF Plus» тұлғасындағы «Еуропалық әлеуметтік қор (ESF) қаржыландырудың маңызды құралы және сол себепті, Еуропалық Одақ (ЕО) тарапынан адамға инвестицияларды қаржыландыру құралы болып қала береді. ... ESF жергілікті жерлерде адамдарға экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін шараларға инвестиция салады». (Дереккөз: https://www.esf.de/portal/DE/ESF-Plus-2021-2027/inhalt.html)
Жоба аясында біз барлық мүдделі тұлғаларға жынысына, этникалық шығу тегіне, дүниетанымына немесе дініне қарамастан, біздің қызметтерімізге қатысуға және пайдалануға рұқсат береміз. Біз қатысушыларды барлық мамандықтар үшін ашық болуға, еркін бейімделуге және еркін таңдау жасауға шақырамыз.
«FAV: Тюрингияда оқыту және жұмысқа орналастыру» жобасы
«FAV Service gGmbH» компаниясы ESF қолдауымен 10 жыл бойы Германиядағы, сондай-ақ Еуропалық Одақтан тыс кейбір елдердегі жастарға Тюрингияда/Германияда қос тарапты оқыту арқылы қызықты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін және ең жақсы кәсіби және жеке перспективаларды ұсынуға және қамтамасыз етуге ұмтылып келеді. Біз тиісті озық тәжірибелерге, серіктестеріміздің тарапынан оң пікірлеріне және компаниялар мен қатысушылардың жоғары мойындауына ие болып отырмыз. Біздің ұсыныстарымыз Тюринг компанияларында оқу және жұмыс істеу үшін бос орындарды табуға негізделген. Қазақстаннан келген жастарға, олар қызығушылық білдіргеннен кейін, Тюрингияда оқуға қатысты бағдар алуға және еркін шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
Жобаға қатысу үшін мақсатты топ болып, 17 мен 26 жас аралығындағы жастар тобы саналады.
Германияға келу / тағылымдамадан өту 18 жастан бастап мүмкін болады.
Біздің жұмысымыз, біздің желілеріміз, біздің жоғары сапа стандарттарымыз және тек сіз үшін тегін негізде ұсынылатын қолдау қызметтеріміз мақсатты топтарға Германияда оқуға, жұмыс істеуге және өмір сүруге тартымды мүмкіндіктер ашады.
Алайда, бұл мүмкіндіктерге қол Жеткізу жолы жеңіл емес. Жоғары ынталы уәждемеден, оқуға дайын болудан және сенімділіктен басқа, компаниялар оқуға үміткерлерден қарқынды дайындықты да күтеді. «Неміс тілінің» тек жоғары деңгейі Германияда және компанияда жылдам ықпалдастықты (интеграцияны) қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, тілді білудің жоғары деңгейі оқуда жақсы ілгерілеу мен табысқа кепілдік береді. Сондықтан, тілдік курстар мен емтихандардан басқа, дайындық шаралары кәсіби бағдарлауды (Сізге мамандықты оңтайлы таңдауға көмектесу үшін) және Германияда өмір сүруге, оқуға және жұмысқа дайын болуды қамтиды. Біз Сізге компанияға жүгіну, оқу визасына өтініш беру, кетуге дайындалу және сапарды ұйымдастыру барысында қолдау көрсетеміз.
Мүдделі тұлғалар үшін жағымды жаңалық - біздің жобаның қызметтері (ақпарат, дайындық, жұмысқа орналасу) гранттар есебінен қаржыландырылады. Сіз тек Германияға бару шығындарын, құжаттарды аудару және нотариуста көшірмелерін куәландыру, оқу визасын ресімдегені үшін алым ақысын төлейсіз. Делдалдық қызметтер үшін ақы алынбайды.
Біздің білікті және тәжірибелі қызметкерлеріміз жан-жақты көмек пен қолдауға, сондай-ақ жобаға қызығушылық танытқан әрбір адамға жеке көзқарасқа кепілдік береді, соның ішінде, қатысушыларды даярлауға көмектесу, ең жақсы әлеуметтік, педагогикалық және кәсіби қолдауға, сондай-ақ Тюрингия Еркін жерінің сапа өлшеміне сәйкес тегін және ашық жағдайларға кепілдік береді. Іс - шаралар мен жеке кеңес берулер барысында мүдделі тұлғалар ақпарат ала алады және мүмкіндіктері мен талаптарын бағдарлай алады, содан кейін - егер қаласа - біздің белсенді қолдауымызбен Германияда оқуға дайындала алады.
Жоба бойынша жұмыстың мақсаты Қазақстандағы мекемелермен және ұйымдармен, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептермен, колледждермен, қолданбалы ғылымдар институттары және университеттерімен, сондай-ақ тілдік мектептермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнату болып табылады.
Біздің Тюрингиядағы ынтымақтастық серіктестеріміз:
