«FAV Service gGmbH» фирмасы – Біз туралы
Firmenausbildungsverbünde (FAV) Қауымдастықтары 1996 жылы жастарды қолдау және білікті жұмысшыларды даярлау үшін коммерциялық емес компаниялары ретінде құрылды. Бұл бірлестіктер аймақтық деңгейде жұмыс істейді және әр түрлі салаларда серіктес болып табылатын орта есеппен 150 компаниядан тұрады.
Хайко Шулер, FAV Service gGmbH
компаниясының директоры.
Ресурстарды біріктіру мақсатында 2013 жылы «FAV Service gGmbH» компаниясын құру туралы шешім қабылданды. Коммерциялық емес компанияның мақсаты кәсіптік бағдар беруге, кәсіптік білім алуға және сапалы оқыту жүргізуге белсенді жәрдемдесу болып табылады. Біз кәсіпорындармен, палаталармен, мектептермен, университеттермен және кәсіптік оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта, кәсіптік білім беру және оқыту тұжырымдамаларын әзірлейміз және жүзеге асырамыз, оқу орындарын толықтырамыз, әлеуетті талапкерлерді оқыту мүмкіндіктері туралы хабардар етеміз және оқытуды жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдаудың кең спектрін ұйымдастырамыз.
Біз ұлттық және халықаралық деңгейде білім беру, тәжірибе алмасу, даму және трансфер саласындағы жобаларды іске асырамыз, білікті кадрларды даярлауды, кәсіби және әлеуметтік ықпалдастықты (интеграцияны) қолдаймыз, қоғамды қоғамдық өмірге және халықаралық ынтымақтастыққа тартуға жәрдемдесеміз. Бізбен ынтымақтастықтағы 500-ден астам компания кәсіптік білім беру және оқыту саласында тиімді және бірегей желі құруда.
1996 жылдан бастап біз оқушыларға арналған арнайы курстар ұйымдастырып, оларды ең заманауи жағдайда мамандандырылған оқу орындарымен бірлесіп өткізіп келеміз. Қазіргі уақытта FAV Service gGmbH 120 мамандық бойынша 2500-ге жуық тыңдаушыға арналған курстар ұйымдастырып отыр және жыл сайын 8000-нан астам оқушыға кәсіптік бағдар беру шараларын өткізіп келеді.
Біз Тюрингиядағы мектептермен және кәсіпорындармен тығыз байланыстамыз, бұл оқыту жөніндегі нақты ұсыныстарымызды жастарға қол жетімді етуге мүмкіндік береді. Біз министрліктермен және қаржыландыру ұйымдарымен, өнеркәсіп және сауда палаталарымен, қолөнер палаталарымен, жұмыспен қамту агенттіктерімен, 145 мектептермен, 45 оқу орындарымен, университеттермен, колледждермен және кәсіптік мектептермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар, біз іскерлік және өнеркәсіптік қауымдастықтармен ынтымақтасып жұмыс істейміз және бизнес мәселелері бойынша өңірлік консультативтік кеңестердің жұмысына қатысамыз. Құрылған сәттен бастап Эрфурт өнеркәсіптік-сауда палатасы FAV Service gGmbH дамуын қолдап келеді; өзара қолдау білікті еңбекті дамытудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Біздің негізгі міндеттеріміз:
- Қосымша оқыту мен қосымша біліктілікті ұйымдастыру
- Практикалық кәсіптік бағдарлау жөнніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
- Кәсіпорындарда тағылымдамалар мен оқу процесін ұйымдастыру
- Оқушылар мен көмекке мұқтаж компанияларға кеңес беру және қолдау
- Білікті қызметкерлерді даярлау жөніндегі ұлттық және халықаралық жобаларды іске асыру
FAV Service gGmbH компаниясында сапаны басқарудың қатаң жүйесі бар және келесі бағыттар бойынша AZAV стандартына сәйкес сертификатталған:
- белсендіру және кәсіби ықпалдастық (интеграция),
- Кәсіптер мен кәсіптік оқытуды таңдау,
- Кәсіби біліктілікті арттыру.


«FAV-да кәсіби бағдарлауға, оқуға және біліктілікті арттыруға бірлесіп ұмтылу – жастар үшін, компаниялар және бүкіл аймақ үшін маңызды артықшылық болып табылады».
Кристиан Лауэ | Оқыту менеджері,
Continental AG фирмасы, Вальтерсхаузен қ.
«Қауымдастықтың кәсіпорындар үшін кадрларды даярлау жөніндегі тамаша жұмысы және FAV Service gGmbH фирмасымен жемісті ынтымақтастықтың арқасында біздің компания сапалы оқыту жүргізуге мүмкіндік алады. Біз мұндай қауымдастықтың болғанына қуаныштымыз».
Фалько Ковальд | Galek & Kowald GmbH фирмасы, Мюльхаузен қ.
