Біздің жобаның стандарттары мен сапа өлшемшарттары
Біздің жобаның негізін қалаушы қағидалары - адалдық, ашықтық және этикалық әдептілік. Оны жүзеге асыру барысында жобаға қызығушылық танытқандар бізге сеніп, өздерін сенімді сезіне алады.
Біздің жобаның негізі мен алғышарты оны тұрақты негізде іске асырудың адал және этикалық тұрғыдан дұрыс тәжірибесі болып табылады. Атап айтқанда, мүдделі тұлғалар мен олардың отбасылары қосымша қаржылық шығынға ұшырамауы бізге маңызды. Жоғарыда айтылғандай, жобаның әлеуетті қатысушылары үшін қызметке төлеудің қажеті жоқ. Біздің қызметтер толығымен еуропалық әлеуметтік қордың есебінен қамтылған.
Жоба бойынша жұмыстың тікелей мақсаты - жастарды бос жұмыс орындарына шақыру, олар қандай мамандық оқығысы келетінін білуі және В2 деңгейінде неміс тілін жетік билетин қатысушылар оқуға қызығушылық танытып, оқудан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін түсінуі керек. Мүдделі тұлғаларға осы белгілі бір критерийлердің арқасында өзін өзі танытудың жоғары сапасына және тегін шарттарға кепілдік беріледі:
Талапшылдық
Ақпарат пен дайындық компаниялардың ағымдағы ресурстарына тікелей бағытталған.
Ақпараттандыру және дайындау процесінің ашықтығы
Егжей-тегжейлі кесте (бастапқы кеңестер, дайындық кезеңінің мазмұны мен тәртібі, компаниямен келісу процесі, шетелге шығуға дайындық және қолдау жасау, Тюрингияға кіру, және Тюрингияда болу кезінде еріп жүру және қолдау) жасалады және жоба қатысушыларына беріледі.
Шығындардың ашықтығы
Студентті даярлау мен оқытудың бүкіл процесінде қатысушылар шығын келтіруі мүмкін шығындардың ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Бүкіл процесті дайындау және ақпараттандыру
Ашық қарым-қатынас бүкіл процесс барысында орыс және неміс тілдерінде жүреді.
Тюрингиядағы құрылымдарға қатысты ашықтық
Қатысушыларға Тюрингияда оқуды бастау туралы шешім қабылдауға көмектесу үшін Тюрингиядағы өмір сүру және жұмыс жағдайлары туралы ақпарат беріледі және оқытылады.
Кәсіпорындағы жұмыс ережелері және компанияға ықпалдастық
Тюрингияға келгенге дейін қатысушылар компанияға ықпалдастық кестесін алады.
Еңбекақы төлеуге және оқуға тең көзқарас
Германияда оқитын қатысушыларға тең қарым-қатынас қамтамасыз етіледі.
Қоғамға интеграциялануға көмектесу
Қоғамға кірігу маңызды аспект болып табылады, ол қазақстандық жастардың Тюрингияда білім алушылар ретінде өздерін жайлы сезінуіне айтарлықтай ықпал етеді.


«Мен алғашында Германияда оқуды бастау өте қиын болады деп ойлайтынмын. Маған барлық сұрақтар мен мәселелерге көмектескен FAV компаниясынан үлкен қамқорлық пен қолдау таптым».
Оксана Курман, аспаз мамандығын оқитын украиналық студент (оқуды сәтті аяқтаған соң, қазір компания қызметкері).

Қолдау, қол жетімділік, кеңес беру мүмкіндігі, шағымдарды қарау құрылымы Дайындық кезеңі бойы және оқу басталғаннан кейінгі бірінші жылы қатысушылар / білім алушылардың тұрақты менторлары (тәлімгерлері) болады.
Оқытуға дайындықтың тегін болуы шарттарынан басқа, біздің жоба басқалардан тиімді ерекшеленеді, өйткені біз барлық оқуға келушілерге оларды дайындауда (мысалы, баспана іздеуде), келуге (барлық ресми тіркеу процедуралары, медициналық сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру, банктік шот ашу және т.б.), орналастыруға (басқа тағылымдамадан өтушілермен байланыс, спорт клубтары), кіріктіру және оқытуда қолдау көрсетеміз. Сізге тәжірибелі, сенімді және мейірімді жеке тәлімгерлер (менторлар) жеке қолдау көрсетеді, олар сізге үнемі және қажет болған жағдайларда көмектесіп отырады.
Біздің білікті және тәжірибелі қызметкерлеріміз қатысушыларды жан-жақты және жеке дайындауды, ең жақсы әлеуметтік, педагогикалық және кәсіби қолдауды, сондай ақ барлық сапа критерийлеріне сәйкес үнемі тегін шарттарды қамтамасыз етеді.